Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Түркия мектептеріндегі атысқа қатысты 80-нен аса адам ұсталды

17.04.2026, 15:55 126

HALYQLINE.KZ

Тергеу амалдары жалғасып жатыр, деп жазады inbusiness.kz.

Түркияның оңтүстік-шығысындағы Қахраманмараш және Шанлыурфа провинцияларында болған мектептердегі атыстан кейін 80-нен астам адам ұсталды. Бұл туралы елдің Бас қауіпсіздік басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

«Прокуратура органдары Шанлыурфа мен Қахраманмараштағы мектептерге жасалған шабуылдарға байланысты 83 адамды ұстау туралы шешім қабылдады. Әлеуметтік желідегі 940 аккаунт бұғатталды, сонымен қатар Telegram мессенджеріндегі 93 топ жабылды», — делінген құзырлы орган таратқан хабарламада.

Түркия Ішкі істер министрлігінің дерегінше, мектептерде қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Оған сәйкес енді әрбір білім ордасында жоқ дегенде 2 тәртіп сақшысы тұрақты түрде кезекшілікке шығады.

Осы аптада елдегі екі мектепте атыс болды. Қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар. Жас жігіт өзі оқыған мектепке шабуыл жасап, 16 адамды жаралады. Түркияның тағы бір мектебінде атыс болды.

Айта кету керек, Түркия астанасында ұстаздар білім министрлігі алдына жиналып, наразылық білдірген.

Фото: REUTERS / IHA

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: