Қызылорда облысында Ұлттық кітап күніне орай кітап апталығы басталды, деп хабарлайды облыстық мәдениет басқармасы.
23 сәуірде Қазақстанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен бекітілген Ұлттық кітап күні атап өтіледі. Осыған орай өңірде кітап оқу мәдениетін арттыруға және зияткерлік әлеуетті дамытуға бағытталған кітап апталығы ұйымдастырылады.
Апталық аясында 200-ден астам іс-шара өткізу жоспарланған. Бағдарлама:
16 сәуір – «Артық білім – кітапта…»
17 сәуір – Сөз өнеріндегі өлкетану (жергілікті авторларды таныту)
18 сәуір – Кітапхана түні акциясы
19-20 сәуір – «Weekend. Book. Vides» — «Выходные. Книга. Видео»
21 сәуір – Кітап. Тарих. Шежіре (сирек және құнды кітаптар күні)
22 сәуір – Кітап – достық амбассадоры
23 сәуір – Кітапханашылар мен Ұлттық кітап күні мерекесі (байқау жеңімпаздарын марапаттау салтанаты).
Бүгінгі күн «Артық білім – кітапта…» тақырыбымен өтуде. Бұл күн кітаптың оқу мен ағартудың, рухани дамудың қайнар көзі ретіндегі мәнін айқындауға бағытталған.
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!