Білімі нашар «ұстаз»…
Олар қайдан шығып жатыр?
Олар «Нұр Мүбарак» университетінен шығып жатыр!
Соңғы кезде осы «ұстаздарыңыз» байқамай сөйлеп, азаматтардың сенім құқын аяққа таптап, көзге түсті.
Ол елеусіз қалмады, бір топ депутат оны парламент мінберінен мәселе ретінде көтерді…
Ол жерде ондай «ұстаздарға» қатысты жақсы сөздер айтылмады…
Міне, осы мәселені көре отырып, «Нұр Мүбарак» университеті қандай шаралар қолдануда, ол университетте талқыланып жатыр ма?» деген сұрақтар туындайды…
Сол ұстаздар қатарында университеттің оқытушысы, РҺД ғылым докторы Нұржан ұстаз да көзге ерекше түсіп, әкімшілік сотқа тартылып, айыппұл арқалады.
Кез келген «өзін сыйлайтын» университет үшін бұл – нонсенс жағдай, талқыға түсуі тиіс мәселе!
Алайда ол жоқ…
Мәселен, сіздердің Нұржан ұстаздарыңыз көбіне «логика» деп айтады…
Алайда, ол дүниенің логикалық, яғни, объективті даму заңдылықтарын мүлдем білмейді.
Сондықтан, осындай өрескел теңеулерді («сиыр мөңірейді», «адам емес шайтан», «маймыл боп қала беріңдер» және т.т.) көп айтады…
Сөйтіп, ғылымда да, дінде де қисынсыз болып келетін дүниелерді қабыстыруға тырысады…
Өйткені, бұл жігіт (молда деңіз) «дін риторикасын» ғана меңгерген.
Сөйтіп, әр нәрсені тек сол «риторикалық» қалыпқа кіргізгісі келеді. Бірақ, ол мүмкін емес.
Қорытынды ұсыныс:
Сол үшін университет болашақ молдаларға философия пәнін тереңдете оқытуы керек.
Соның аясында олар Дүниенің Жаратылысы туралы ғылыми физикалық теорияларды да біліп, онымен бірге, тірі (жанды) әлемнің қозғалысы заңдарын (биология, физиология және т.т.) білулері керек.
Егер, сіздер діни ілімді тек ғылымның дамымай жатқан кездегі діни кітаптармен оқытамыз десеңіздер, онда болашақта бұдан да терең тоқырауға түсетін боласыздар.
Себебі, еліміз жаңа технологиялық заманға еніп барады…
Міне, сол себепті, болашақ имамдар замануи ғылымды игермесе, олар халықтың жүрегіне жол таппайды.
Тек ғылымды меңгеріп, оны Қазақстан мемлекетінде қазақ халқының Ұлттық даналықтарымен ұштастырса ғана имамдар мен «ұстаздар» Шексіз Құдірет Құдай туралы айтқанда осылай сөз айтып, ұятқа қалмас еді.
Екіншіден, өздеріңіз үйретіп жатқан дінді бұлай қорламайтын еді!
Айыппұл да арқаламайтын еді!
Құрметпен,
Әбдірашит БӘКІРҰЛЫ,
философ
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!