Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Түркістан облысында шегірткеге қарсы күрес күшейтілді

14.04.2026, 19:35 46

Түркістан облысында үйірлі шегірткеге қарсы күрес шаралары күшейтілді. Мамандардың айтуынша, биыл ауа райының қолайлы болуына байланысты зиянкестер әдеттегіден ерте шыға бастаған. Осыған байланысты өңірде арнайы штаб құрылып, 13 ауданда химиялық өңдеу жұмыстары басталды.

Қазіргі уақытта шегіртке ошақтарын анықтау және жою жұмыстарына 2 мыңнан астам адам жұмылдырылған. Зиянкестер таралған аумақтар 65 аймаққа бөлініп, әр бағытта 65 жұмыс тобы жұмыс жүргізіп жатыр.

Химиялық өңдеу шараларына 278 арнайы техника мен 60 су тасығыш көлігі тартылған. Ал шегірткелер жер бетіне толық шыққаннан кейін бұл жұмыстарға қосымша 4 АН-2 ұшағы мен 3 дрон жұмылдырылмақ.

Жалпы облыс бойынша 900 мың гектардан астам аумақ бақылауға алынып, тұрақты мониторинг жүргізілуде. Мамандар зиянкестердің таралу аймағын күнделікті бақылауда ұстап, ахуалдың ушығып кетпеуіне күш салып отыр.

Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы Мейіржан Мейрамбекұлының мәліметінше, биыл шегіртке зиянкестеріне қарсы 421 мың гектар жерді өңдеу жоспарланған. Оның ішінде 327 мың гектар жерүсті техникасымен, 80 мың гектар ұшақпен, 11 мың гектар аэрозольді газогенератор арқылы, ал 8 мың гектар дрон көмегімен дәріленеді.

Бүгінгі күнге дейін 42,5 мың гектар аумақта зиянды шегіртке түрлеріне қарсы өңдеу жұмыстары жүргізілген.

Мамандардың сөзінше, шегірткеге қарсы іс-шараларды дер кезінде және жүйелі атқару ауыл шаруашылығы алқаптарын сақтап, өнім шығынының алдын алуға мүмкіндік береді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: