Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Астанадағы өрттен үш бала қаза тапты

12.04.2026, 11:50 38

Астанада түнгі уақытта көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерден өрт шығып, салдарынан үш бала көз жұмды.

Оқиға Есіл ауданындағы Түркістан көшесінде орналасқан 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатында болған. Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері оқиға орнына жедел жетіп, пәтердің ашық жалынмен жанып жатқанын анықтаған.

Өртті сөндіру кезінде құтқарушылар күйік алған әйелді аман алып шығып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған. Зардап шеккен азаматша көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнынан үш баланың мәйіті табылды.

Құтқару жұмыстары барысында жоғарғы қабаттардан 20 адам эвакуацияланды. Тағы 40-қа жуық тұрғын өз бетінше сыртқа шыққан. Өрт толық сөндірілді.

Қазір қызыл жалынның шығу себептері анықталып жатыр.

Қала әкімдігінің мәліметінше, зардап шеккен әйелге және қаза тапқан балалардың отбасына қажетті көмек көрсетіледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: