Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жасанды интеллект мектеп басқаруына жаңа тәсіл әкеледі

10.04.2026, 15:55 55

Астанада өткен «Келешек мектептерінің тұжырымдамасы: ортақ мақсат, ұжымдық даму» тақырыбындағы стратегиялық конференция аясында мектеп директорларына білім беру саласында жасанды интеллект технологияларын қолданудың жаңа мүмкіндіктері таныстырылды.

Семинар барысында Бибарс Сейтниязов білім беру процесіне жасанды интеллектіні енгізудің негізгі бағыттарына тоқталды. Мамандардың айтуынша, AI платформалары мұғалімдердің күнделікті жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, оқу үдерісін барынша дербестендіруге жол ашады. Атап айтқанда, мұндай цифрлық жүйелер сабақ жоспарын әзірлеуге, бағалау тапсырмаларын құрастыруға және оқушылардың оқу үлгерімін саралауға көмектеседі.

Жасанды интеллектіні енгізу тек сабақ беру әдістерін ғана емес, мектепті басқару тәсілдерін де өзгертеді. Ендігі жерде директорлар оқу процесін нақты деректер негізінде талдап, басқарушылық шешімдерді дәл әрі тиімді қабылдай алады. Бұған қоса, әр оқушының білім алу траекториясын жеке бақылауға мүмкіндік кеңейеді.

Жиында педагогтің жаңа рөлі де сөз болды. Қазіргі жағдайда мұғалім тек білім беруші маман ретінде емес, оқушының жеке дамуына бағыт-бағдар беретін, цифрлық ортамен еркін жұмыс істейтін кәсіби тұлға ретінде қарастырылып отыр.

Практикалық бөлімде мектеп басшылары жасанды интеллектке негізделген платформаларды өз білім беру ұйымдарына енгізу тетіктерін талқылап, нақты қадамдарды саралады. Нәтижесінде қатысушылар оқу процесін тиімді ұйымдастыруға және басқару сапасын арттыруға мүмкіндік беретін заманауи құралдармен танысты.

Еске сала кетейік, бұған дейін мұғалімдердің пәндік білімін бағалауға арналған тест тоқтатылғаны хабарланған болатын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: