Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Түркияда 15 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желілерге тыйым салынуы мүмкін

08.04.2026, 17:59 63

Түркияда 8 сәуірден бастап парламентте жас ерекшелігін міндетті тексеру және ата-аналық бақылауды күшейту туралы заң жобасы талқылануда. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Махинур Өздемир Гёкташ бұл бастаманың басты мақсаты балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін атап өтті.

Егер заң қабылданса, 15 жасқа дейінгі балалар YouTube, TikTok, Facebook және Instagram сияқты платформаларда аккаунт аша алмайды. Сонымен қатар, әлеуметтік желі компаниялары зиянды контентті жедел түрде жоюға, ел ішінде ресми өкіл тағайындауға және талаптарды орындауға міндеттеледі. Бұл ережелер бұзылған жағдайда айыппұл салу немесе платформаларды бұғаттау шаралары қарастырылған.

Алайда оппозиция бұл бастамаға сын көзбен қарап, мәселені тыйым салу арқылы емес, балалардың құқықтарын қорғау тетіктері арқылы шешу қажет екенін алға тартуда.

Фото: informburo.kz телеграм арнасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: