Қазақстандық спортшы Олимпиада алтынының арқасында көш бастады, деп жазады penalty.kz.
2025/26 жылғы маусым қорытындысы бойынша қысқы спорт түрлеріндегі ең көп табыс тапқан спортшылар анықталды. Бұл туралы Metaratings.kz хабарлады.
ISU БОЙЫНША КӨШБАСШЫ – МАЛИНИН
Халықаралық конькишілер одағы (ISU) аясындағы жарыстарда ең көп сыйақы алған спортшы америкалық Илья Малинин болды.
- Жалпы табыс: 125,9 мың доллар
- Жарыстар: Гран-при кезеңдері, финал, әлем чемпионаты
Сонымен қатар, жапониялық Каори Сакамото мен Юма Кагияма да 100 мың доллардан астам табыс тапқан.
Қазақстандық Михаил Шайдоров ISU турнирлерінен салыстырмалы түрде аз табыс тапқан.
ISU ЖАРЫСТАРЫНАН: 30,7 МЫҢ ДОЛЛАР
Алайда оның негізгі табысы 2026 жылғы Олимпиада ойындарындағы жеңісінің арқасында артты. Олимпиада алтыны үшін 250 мың доллар көлемінде мемлекеттік сыйақы алды.
Осылайша, Шайдоровтың маусымдағы жалпы табысы – 280,7 мың доллар. Бұл, шамамен, 242,7 мың еуро.
ЖАЛПЫ РЕЙТИНГТЕГІ ОРНЫ
ISU жүйесіндегі барлық спортшы арасында Шайдоров көш басында емес. Олимпиада сыйақыларының есебінен конькишілер Франческа Лоллобриджида мен Андреа Джованни және шорт-трекші Арианна Фонтана мен Кьяра Бетти жоғары тұр.
Алихан КУБЕЕВ,
сарапшы, спорт журналисі
Фото: sport.orda.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!