Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Балаларға ішіне ине салынған кәмпит таратқан

01.04.2026, 9:30 49

HALYQLINE.KZ

Бішкек маңындағы «Ақ-Орда» тұрғын алабында белгісіз ер адам балаларға ішінде инесі бар кәмпиттер таратқан. Оқиға 28 наурыз күні болған. Бұл туралы 24.kg ақпарат таратты.

Ата-аналардың шағымынан кейін милиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғады. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталып, ол ұсталды. Тінту барысында күдіктінің үйінен ішінде инесі бар кәмпиттер мен басқа да айғақты заттар табылды.

Қазіргі уақытта ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жалғасуда.

Фото: 24.kg

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: