Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ұшақ апатынан 30-дай адам қаза тапты

01.04.2026, 8:40 47

HALYQLINE.KZ

Қырымда Ан-26 әскери-көлік ұшағы апатқа ұшырап, алты экипаж мүшесі мен 23 жолаушы қаза тапты.

Ұшақпен байланыс сейсенбі, 31 наурызда Мәскеу уақыты бойынша сағат 18:00 шамасында (Астана уақыты бойынша сағат 20:00) үзілген.

«Ұшақ Қырым үстінен жоспарлы рейспен ұшқан», — деп мәлімдеді Ресей Қорғаныс министрлігі.

1 сәуір түні Ресей Қорғаныс министрлігі іздеу-құтқару тобы Ан-26 ұшағының құлаған жерін тапқанын хабарлады. Апаттың алдын ала себебі – техникалық ақау.

Оқиға орнындағы дереккөз ұшақтың жартасқа құлағанын айтады.

Дереккөз: inbusiness.kz

Көрнекі фото: Риа Новости

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: