Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалық балуандар жеңімпаз атанды

30.03.2026, 15:30 62

Түркістан төрінде «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының қолдауымен өткен қазақ күресінен ересектер арасындағы Қазақстан Кубогы бүгін өз мәресіне жетті. Бірнеше күнге созылған тартысты бәсекеде Сыр елінің балуандары тамаша нәтиже көрсетіп, 12 алтын, 2 қола медаль иеленді. Бұл аймақ спортындағы тарихи көрсеткіш!

Сонымен қатар, аралас командалық жарыста балуандарымыз қарсыластарын 4:2 есебімен ұтып, алтын жүлдеге қол жеткізді. Осылайша, Қызылорда облысының құрамасы жалпыкомандалық есепте І орын жеңіп алды!

Айта кетейік, Сыр өңірінің тарихында аты аңызға айналған білегі мықты балуандар көп шыққан, ұлттық спорттың тамыры тереңге жайылған киелі аймақ. Бүгін жеңіске жеткен балуандарымыз – сол мықтылардың ізін лайықты жалғап келе жатқан өрендер.

Жаттықтырушы: Қазақ күресінен облыстың аға жаттықтырушысы Болатбек Кенеев.

Сыр балуандарымызды жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алар асуларыңыз биік болсын!

Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: