Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Спорт кешенінің құрылысы тұрақты бақылауда

30.03.2026, 9:30 58

Қазалы ауданы, Қожабақы ауылындағы спорт кешенінің құрылысы жоспарға сәйкес жүргізілуде.

Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының негізгі кезеңдері аяқталуға жақын. Атап айтқанда, ғимараттың шатыр жабындысы толық жабылып, сыртқы қабырғалары жылу оқшаулау материалдарымен қапталып, заманауи линеарлы панельдермен әрлеу жұмыстары толық аяқталған. Сонымен қатар, ішкі және сыртқы кәріз жүйелері жүргізіліп, бу қазандығының іргетасы қаланған. Сыртқы ауыз су желісі де тартылды.

Қазіргі таңда нысанда ішкі әрлеу және сырлау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын «Намыс-Құрылыс» ЖШС мердігер мекемесі жүзеге асыруда.

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев Қожабақы ауылындағы спорт кешенінің құрылыс барысын арнайы барып көріп, нысанның құрылыс сапасын бақылады. Мердігер мекеменің басшысы мен құрылысшыларға жұмысты белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтау керектігін ескертті.

Айта кетейік, «Ауыл — ел бесігі» жобасы аясында Қожабақы ауылымен қатар аудан орталығы — Әйтеке би кентіндегі мәдени-демалыс кешен ішінен тағы бір замануи спорт кешеннің құрылысы жүргізілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: