Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сессияда бірқатар өзекті мәселелер қаралды

28.03.2026, 16:05 45

Бүгін Қазалы ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезекті 54 сессиясы өтті.

Сессияға аудан әкімі Алмасбек Есмаханов, Қызылорда магистралды желі бөлімшесінің бас инженері Берік Бекжанов, облыстық бағыныстағы басқарма басшылары, қала, кент, ауылдық округ әкімдері мен дербес бөлімдер басшылары және теміржол мекемелерінің басшылары қатысты.

Аудандық мәслихаттың төрағасы Ғазиз Әліштің төрағалығымен өткен сессияның күн тәртібінде Қазалы ауданы бойынша теміржол мекемелері мен кәсіпорындарындағы атқарылған жұмыстары мен алдағы міндеттері, аудандық мәслихаттың «Экономика, қаржы, бюджет кәсіпкерлік және құрылыс» жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі, Қазалы аудандық учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы, «Қазалы ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» Қазалы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы №541 шешіміне өзгерістер енгізу, «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Қазалы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №512 шешіміне өзгерістер енгізу, «2026-2028 жылдарға арналған аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округ бюджеттері туралы» Қазалы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы шешімдеріне өзгерістер енгізу сынды өзекті мәселелер қаралды.

Сессияда аудан әкімі Алмасбек Әбілқасымұлы сөз сөйлеп, сессияның күн тәртібіне ұсынылған әрбір мәселеге жіті тоқталып өтті. Аудандағы теміржол мекемелерінің жұмыстарына байланысты халық қалаулыларының айтқан ұсыныс-пікірлерінің орынды екенін айтып, теміржол мекемелері басшыларын ауданымыздың қоғамдық-саяси ахуалына немқұрайлық танытпай, мәдени-көпшілік шараларға, тазалық жұмыстарына жоғары белсенділікпен бірлесе жұмыс жасауға шақырды. Теміржол мекемелері арқылы аудандық бюджетке түсетін салық көздерін көбейту жұмыстарын жандандыру керектігін жеткізді.

Айта кету керек, сессия алдында аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өткізіліп, сессия күн тәртібіне ұсынылған мәселелер жан-жақты талқыланды.

Сессия соңында аудандық мәслихат депутаттарының ұсыныс-пікірлері ескеріле отырып, дауысқа салу қортындысымен тиісті шешімдер қабылданды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: