Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Колумбияда әскери ұшақ апатқа ұшырап, 60-тан астам адам қаза тапты

24.03.2026, 13:10 48

HALYQLINE.KZ

Колумбияда бортында әскери қызметкерлер бар ұшақ апатқа ұшырады. Кейінгі мәліметтер бойынша, әуе апаты салдарынан 66 адам қаза тапқан, деп хабарлайды РБК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылымның Caracol телеарнасына сілтеме жасап жазуынша, кеше, 23 наурызда Колумбияның оңтүстігінде елдің әскери-әуе күштеріне тиесілі Hercules ұшағы апатқа ұшыраған.

«Сіздерге біздің қауіпсіздік күштеріміздің әскери қызметкерлерін тасымалдаған Hеrcules ұшағы Пуэрто-Легисамодан (Путумайо) ұшып шыққан кейін апатқа ұшырағанын қайғыра хабарлаймын», — деді Колумбияның қорғаныс министрі Педро Санчес.

Бұл ұшақ аймақтағы әскерді алмастыру аясында 27-ші бригаданың әскери қызметкерлерін тасымалдаған.

Телеарнаның мәліметінше, апаттың алдын ала себебі – ұшақ маневр жасаған кезде қиындықтарға тап болған, әуе кемесі ұшып шыққаннан кейін тиісті биіктікке көтеріле алмаған.

Колумбия қарулы күштерінің қолбасшысы генерал Уго Алехандро Лопес Барретоның айтуынша, кейінгі мәліметтер бойынша ұшақ апатынан 66 адам қаза тапқан.

Ұшақ құлаған жер. Фото: Daniel Ortiz / AFP via Getty Images

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: