Бүгін Сырдария ауданы әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы аясында Сырдария өзенінің жағалауы тазартылды, деп хабарлайды баспасөз қызметі.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен Наурызды Амал мерекесінен бастап, Наурызнама онкүндігі аясында ерекше атап өтудеміз. Онкүндіктің бүгінгі тазару күнінде қоршаған ортаны тазартып, тал егу жұмыстары жүргізілуде. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы – қоршаған ортаны қорғауға, табиғат байлығын сақтауға және оны келешек ұрпаққа аман жеткізуге бағытталған аса маңызды іс-шаралардың бірі. Табиғат – біздің өмір сүру ортамыз ғана емес, ол – ата-бабамыздан қалған асыл мұра, болашақ ұрпаққа табысталар қасиетті аманат. Сондықтан оны қорғау, таза ұстау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Біз табиғатты қорғауды тек акциямен шектелмей, күнделікті өмір салтымызға айналдыруымыз қажет. Әрбір тұрғын өз ауласының, көшесінің, туған жерінің тазалығына бейжай қарамауы тиіс. Тазалық – мәдениеттің, жауапкершіліктің және елге деген сүйіспеншіліктің белгісі, — деді Берік Әбдіғаппарұлы.
Акция аясында ауданымыздағы Сырдария өзенінің жағалауы тазартылып, қоқыстар жиналды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!