Бүгін «Наурызнама» онкүндігі аясында Қармақшы ауданында табиғатты қорғауға бағытталған тағылымды іс-шара ұйымдастырылып, ағаш отырғызу акциясы өтті, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бұл бастамаға аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов, аудан ардагерлері, жастар және тұрғындар белсене қатысты.
Игі іс-шара барысында қатысушылар бірлесіп көшет отырғызып, туған жердің көркеюіне өз үлестерін қосты.
Тағылымды іс-шараға қатысқан аудан әкімі Жандос Еркінбек өз сөзінде табиғатты қорғау ұрпақ алдындағы жауапкершілік екенін атап өтіп, аудан тұрғындарын осындай игі бастамаларға әрдайым атсалысуға шақырды.
Іс-шара барысында аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов бата беріп, ақ тілегін білдірсе, аудан тұрғындары белсенділік танытып, ортақ іске өз үлестерін қосты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!