Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Елде отбасы құқығын қорғауға бағытталған жаңа уәкіл пайда болды

18.03.2026, 17:15 50

Қазақстанда отбасы құқығы мен мүддесін қорғауға бағытталған жаңа қоғамдық институт құрылды. Ақорданың ресми мәліметіне сәйкес, Мемлекет басшысының шешімімен Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл институты енгізіліп, Снежанна Имашева Қазақстан Республикасындағы Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болып тағайындалды. Уәкіл Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия аясында қызмет атқарады. 

Мемлекет басшысы бұған дейін бұл институттың адам құқықтарын қорғауды күшейтуге, отбасы институтын нығайтуға және отбасылық саясатты жетілдіруге ықпал ететінін айтқан болатын. Президенттің сөзінде Отбасы омбудсмені ұлттық комиссия төрағасының бірінші орынбасары ретінде жұмыс істеп, атқарылған істер туралы Мемлекет басшысына есеп беретіні көрсетілген. 

Фотоколлаж Azattyq Rýhy

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: