Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қасым-Жомарт Тоқаев: Соғыс өрті іргемізден шықты

12.03.2026, 14:00 43

Президент форумда Таяу Шығыстағы ахуалға тоқталып өтті..

– Соғыс өрті іргемізден, яғни Каспий маңындағы көршілес елдің аумағынан шықты. Таяу Шығыстағы ахуалдың ушығуы қазірдің өзінде жаһандық қауіпсіздіктің іргесін шайқап, әлем экономикасына зардабын тигізгені анық, – деді Президент.

Мемлекет басшысы осындай күрделі кезеңде Қазақстан азаматтары сабыр сақтап, ел ішіндегі және тысқары жерлердегі арандатуларға бой алдырмауы керек екенін жеткізді.

– Президент ретінде саяси-дипломатиялық тәсілдердің бәрін қолдана отырып, ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бар күшімді саламын, – деді.

Мемлекет басшысы бүгінде ескілікті аңсайтын, діни әрі ұлттық құндылықтар мен елдік мүдде турасында қате түсінікке негізделген әсіре консервативті саяси жүйе заман талабына сай келмейтініне, сәтсіздікке ұшырататынына көз жеткізіп отырғанымызды айтты.

Фото: Ақорда

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: