Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Улы жаңбыр» туралы қауесетке нүкте: Қазгидромет түсініктеме берді

10.03.2026, 10:40 44

Әлеуметтік желілерде Иран аумағындағы жарылыстар мен ірі өрттерден кейін Қазақстан мен Орталық Азия елдерінде қышқыл жаңбыр жаууы мүмкін деген ақпарат тарады. Алайда бұл мәліметті «Қазгидромет» мамандары жоққа шығарды.

Синоптиктердің айтуынша, қышқыл жаңбыр әдетте атмосфераға күкірт пен азот оксидтері көп мөлшерде бөлінетін ірі өндірістік аймақтарда ғана пайда болады. Мұндай құбылыс көбіне өнеркәсіптік кәсіпорындар шоғырланған өңірлерде байқалады.

Мамандардың түсіндіруінше, ауа массалары ұзақ қашықтыққа қозғалған сайын ондағы зиянды заттардың концентрациясы табиғи процестер арқылы біртіндеп сейіліп, айтарлықтай төмендейді.

«Қазіргі мониторинг нәтижелері бойынша зиянды заттардың Қазақстан немесе Орталық Азия аумағына тарағаны тіркелген жоқ. Сондықтан қышқыл жаңбыр жауады деген ақпараттың ғылыми негізі жоқ», – деп мәлімдеді «Қазгидромет» өкілдері.

Синоптиктер тұрғындарды тек ресми дереккөздерге сенуге және әлеуметтік желілерде тараған расталмаған ақпаратқа сенбеуге шақырды.

Фото: qaz365.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: