Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Дубайдан Қазақстанға алғашқы жолаушы рейсі қонды

03.03.2026, 11:20 92

Таяу Шығыстағы әскери ахуалдың ушығуына байланысты бірнеше күн бойы әуе қатынасы шектелгеннен кейін Қазақстанға Дубайдан алғашқы жолаушы ұшағы келіп қонды.

Flightradar24.com сервисінің дерегіне сәйкес, FlyDubai әуе компаниясының рейсі 3 наурыз күні жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 08:30-да Астананың халықаралық әуежайына қонған. Ұшу бағыты картасынан ұшақтың Пәкістан, Ауғанстан және Өзбекстан әуе кеңістігі арқылы бағыт алғаны байқалады.

Әзірге рейспен нақты қанша жолаушы келгені және олардың құрамы туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ.

Сондай-ақ сейсенбі күні Алматыға да Дубайдан жолаушы ұшағы қонғаны белгілі болды. Бұл жөнінде аталған рейспен жеткен азаматтар әлеуметтік желілерде хабарлады.

Айта кетейік, Таяу Шығыстағы жағдайдың күрт шиеленісуіне байланысты өңір елдерінің бірқатарында әуе кеңістігі уақытша жабылып, халықаралық рейстер тоқтатылған болатын.

Фото: Азаттық телеграм арнасына алынды

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: