HALYQLINE.KZ Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген 1,4 миллионнан астам дауыс жинап, кезекті рет Қытайдағы «Ең танымал шетелдік әртіс» атағын жеңіп алды.
Димаштың жетістіктер қоржынындағы тағы бір марапаты жайлы оның Dimash News атты фан-сайты хабарлады. Порталдың хабарлауынша, «Ең танымал шетелдік әртіс» атағын Димашқа қытайлық Sina платформасы берген, оның тыңдаушылары үш апта бойы сүйікті әншілеріне дауыс беріпті. Нәтижесінде, қазақстандық талант 1,4 миллионнан астам дауыс жинап, жеңіске жетті.
Sina – ғаламдық хабар алмасу платформасы, оны бүкіл әлем бойынша 100 миллионға жуық адам пайдаланады. Ол – Қытайдың ойын-сауық индустриясы мен медиакеңістігіндегі беделді компаниялардың бірі.
Сонымен қатар, «бұл платформа музыкалық топтардың жанкүйерлері мен әртістер арасында өте танымал» деп жазады сайт. Жүргізілген сауалнаманың басты мақсаты – платформаны пайдаланушылар бірінші жартыжылдықта үздік деп таныған фильмдер, телешоулар, әндер мен әртістерді насихаттау.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!