Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Еліміздегі бірқатар автожолда қозғалысқа шектеу қойылды

02.03.2026, 9:00 86

Қазақстанда ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар республикалық маңызы бар автожолдарда қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы мәлім етті.

Компания дерегіне сәйкес, қар, боран және көктайғақ салдарынан елдің бірнеше өңіріндегі негізгі көлік бағыттары уақытша жабылды. Атап айтқанда, Ресей шекарасынан басталып, Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент арқылы өтетін халықаралық дәліздің жекелеген бөліктерінде қозғалыс тоқтатылған.

Сонымен қатар Қызылорда өңіріне қатысы бар «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының кейбір учаскелерінде де көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Жол қозғалысын шектеу туралы шешім ауа райының күрт нашарлауына байланысты қабылданған. «ҚазАвтоЖол» мамандары мұндай шаралардың басты мақсаты – жүргізушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін атап өтті.

Қазіргі уақытта жол қызметтері жағдайды тұрақты бақылауда ұстап отыр. Ауа райы жақсарған жағдайда қозғалыс кезең-кезеңімен қайта ашылады.

Фото: Pexels

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: