Стендап-комик Нұрлан Сабуров Ресейге кіруге қойылған тыйымнан кейін алғаш рет сахнаға шығып, Таиландтың Пхукет аралында концерт өткізді.
Өнер көрсету кеші Royal Phuket City Hotel қонақүйінің конференц-залында өтті. Сабуров концертін өзін-өзі әжуалаудан бастап, көрермендердің «қылмыскерді» көруге келгенін әзілмен жеткізді. Стендап бағдарламасының едәуір бөлігі оның Ресейге кіруіне тыйым салынған соңғы жағдайына арналды.
Сонымен қатар, ол Ресейге қайта оралу жоспары бар екенін мәлімдеді. Шығармашылығында өзгеріс болуы мүмкін деген тақырыпты да әзілге айналдырып, енді «суперпатроттық концерттер» өткізетінін қалжыңмен айтты.
Еске салайық, бұған дейін Сабуровқа Ресей аумағына 50 жылға кіруге тыйым салынғаны хабарланған еді. Бұл шешімді ол Мәскеуге ұшып барған кезде біліп, кейін Алматыға қайта ұшып кеткен. Оқиға әлеуметтік желілер мен медиа кеңістікте кең талқыланған болатын.
Фото: Нұрлан Сабуровтың Instagram парақшасынан
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!