Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қарағандыда бір топ жасөспірім қатарластарын соққыға жықты

25.02.2026, 16:00 56

Қарағанды қаласында мектеп жасындағы қыз баланы бірнеше жасөспірімнің соққыға жыққаны жөнінде дерек тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды. Құқық қорғау органдары оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарын бастап кетті. Жәбірленушінің анасы әлеуметтік желіде қызының денесіндегі жарақат іздері көрінетін бейнежазбаны жариялап, қоғам назарын аударған. Осыдан кейін полиция қызметкерлері жедел шаралар қабылдап, оқиғаға қатысы бар алты жасөспірімді анықтаған.

Полицияның алдын ала мәліметінше, күдіктілер қызға қасақана түрде, бұзақылық ниетпен дене жарақатын салған. Барлық жасөспірім полиция бөліміне жеткізілген. Жанжалдың бастамашылары деп танылған бір ұл мен бір қыз уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қалған қатысушылардың әрекеттеріне тергеу қорытындысы бойынша құқықтық баға берілетін болады. Сонымен қатар балаларын тиісті деңгейде бақыламағаны үшін олардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Аталған жағдай кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі кеңесте қаралып, жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен қосымша профилактикалық жұмыстар жүргізу туралы шешім қабылданды.

Фото: Видеодан скрин

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: