Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Алматыда LRT желісінің құрылысы 2027 жылы басталуы ықтимал

25.02.2026, 10:00 54

Алматы қаласында жеңіл рельсті көлік (LRT) жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді. Құжатта болашақ желінің бағыты, негізгі нысандары мен инфрақұрылымдық шешімдері айқындалған.

Жобаға сәйкес, LRT депосы ЖЭО-2 аумағынан шығысқа қарай, Фариза Оңғарсынова, Мөңке би және Бауыржан Момышұлы көшелерінің аралығында орналасады. Осы деподан басталатын жылдам рельсті көлік желісі Бауыржан Момышұлы көшесі бойымен оңтүстікке қарай Төле би көшесіне дейін жетіп, ары қарай Төле би көшесімен шығыс бағытта Абылай хан даңғылына шығады.

Осы нүктеден маршрут солтүстікке бұрылып, Абылай хан даңғылы арқылы Алматы-2 теміржол вокзалына дейін жалғасады. Ал желінің соңғы аялдамасы «Райымбек батыр» көлік-ауысып отыру торабы аумағында орналаспақ. Алғашқы желінің жалпы ұзындығы 17,893 шақырымды құрайды.

Мамандардың айтуынша, қаладағы қоғамдық көлік жүйесін жаңғыртуға бағытталған бұл жоба іске асса, жолаушылар легін тиімді бөлуге, кептелісті азайтуға және экологиялық ахуалды жақсартуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Алматыда LRT салу мәселесі 2018 жылдан бері талқыланып келеді. Алғашқы жобада ұзындығы 22,7 шақырым болатын, екі бағытта орналасқан 37 станция салу көзделген еді.

Фото kapital.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: