Михаил Шайдоровтың 2025 жылғы дайындығына кеткен шығын көлемі 263,4 миллион теңгені құрады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мәлімдеді.
Ведомство дерегінше, ұлттық құраманың көшбасшысының бір жылдық жалақысы 33,9 миллион теңге болған (айына шамамен 1,5 миллион теңге). Бұған қоса, спортшы әлем чемпионаты мен Азия ойындарындағы жетістіктері үшін 6,7 миллион теңге сыйақы алған.
Қаржының басым бөлігі 19 оқу-жаттығу жиынын өткізуге, халықаралық жарыстарға қатысуға, сондай-ақ шетелдік бапкерлер құрамының (жаттықтырушы мен хореографтың) еңбекақысын төлеуге бағытталған.
Министрлік өкілдері Қазақстанда қажетті жағдайдың жеткіліксіз екенін атап өтті. Осыған байланысты Шайдоров жаттығуын Сочиде өткізуге мәжбүр.
Фото: Informburo.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!