Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жүрсін Ерман – Қазақстанның Халық жазушысы

19.02.2026, 10:15 41

Марапат ұлттық әдебиет пен айтыс өнерін дамытуға сіңірген ерен еңбегі үшін табысталып отыр.

Айтыс өнерінің жанашыры, көрнекті қаламгер, ақын және қоғам қайраткері Жүрсін Ерманға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Қазақстанның Халық жазушысы» атағы берілді, деп жазады halyqline.kz тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы қаласында Республика Сарайының сахнасында қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерманның 75 жылдық мерейтойына арналған «Ұлытаудан – Алатауға» атты концерттік кеш өтті.

Іс-шара барысында Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып, Мемлекет басшысының Жарлығымен Жүрсін Ерманға «Қазақстанның халық жазушысы» құрметті атағы берілгенін хабарлады.

«Халқымыз Сізді беделді қоғам қайраткері әрі талантты публицист ретінде жақсы біледі және құрметтейді. Айтыс өнерін жаңғыртуға қосқан үлесіңіз айрықша. Ел бірлігі мен халықтар достығын арқау еткен шығармаларыңыз оқырманға жақын әрі түсінікті. Сізге зор денсаулық пен шығармашылық табыс тілеймін», – делінген Президент құттықтауында.

Мерекелік кешке ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері, мәдениет өкілдері және өнерсүйер қауым қатысты.

Бағдарлама аясында ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған деректі фильм көрсетіліп, жырлары оқылды, сахналық қойылымдар ұсынылды.

Айта кетейік, бұл атақты осыған дейін Төлен Әбдік (2023), Смағұл Елубай (2023), Бексұлтан Нұржекеұлы (2023), Софы Сматаев (2023), Ахметжан Аширов (2023), Любовь Шашкова (2023), Темірхан Медетбек (2024), Валерий Михайлов (2024), Исраил Сапарбай (2024), Марфуға Айтхожина (2025), Ғаббас Қабышов (2025) «Қазақстанның халық жазушысы» атағын алған болатын.

Фото: atr.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: