Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Балуан Нұрым Сәлімгереев жаңа қызметке тағайындалды

16.02.2026, 17:30 71

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Б.Артаевтың бұйрығына сәйкес, Сәлімгереев Нұрым Сәлімгерейұлы қазақ күресінен жастар арасында облыстың аға жаттықтырушысы болып тағайындалды, деп хабарлайды басқарманың баспасөз қызметі.

Нұрым Сәлімгерейұлы – Қазақ күресінен халыкаралық дәрежедегі спорт шебері, қазақ күресінен Әлем кубогінің иегері, «Евразия» барысы және 5 дүркін «Сыр барысы» атағына ие болған.

Қазіргі уақытта Нұрым Сәлімгерейұлы басқармаға қарасты «Теннис спорт түрлері бойынша» спорт мектебі директорының орынбасары қызметін атқаруда.

Ендігі кезекте Нұрым Сәлімгерейұлы жастар арасында қазақ күресін дамытуға және спортшылардың тұрақты түрде халықаралық және республикалық додаларға қатысуына, сондай-ақ спортшылардың жалпы нәтижесіне жауапты болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: