АҚШ Әділет министрлігі жария еткен құпиясы ашылған материалдарда Джеффри Эпштейннің өліміне байланысты күмәнді жайттар анықталды. The Daily Mail басылымының жазуынша, оның қаза тапқаны жөніндегі ресми құжат өлімінен бір күн бұрын дайындалған.
2019 жылдың 9 тамызына даталанған Нью-Йорктің Оңтүстік округі прокуратурасының федералды мәлімдемесінде Эпштейн ес-түссіз күйде табылып, қайтыс болды деп көрсетілген. Алайда түрме әкімшілігінің ішкі жазбаларында миллиардердің тек келесі күні, 10 тамыз таңертең ғана анықталғаны айтылады. Ол кезде камераға таңғы ас әкелген қызметкер Эпштейннің қозғалыссыз жатқанын байқаған.
Аталған деректер марқұмның өліміне қатысты ресми нұсқаға күмән тудырып, істің айналасындағы сұрақтарды одан әрі күшейте түсті.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!