Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстан Азия чемпионатында екінші алтын медалін алды

08.02.2026, 9:25 44

Қазақстан құрамасы Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Азия чемпионатында екінші алтын медальға қол жеткізді. Бұл туралы ҚР Ұлттық Олимпиада комитетіне сүйенген ҚазАқпарат хабарлады.

Жарыста Нора Джеруто 3000 метрге жүгіру сайысында топ жарып, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Қазақстандық спортшы мәреге 8:46.87 нәтижесімен жетті.

Күміс жүлдені жапониялық Нозоми Танака (8:48.22) иеленсе, қола медаль қытайлық Ло Сяға (9:16.18) бұйырды.

Айта кетейік, бұған дейін Нора Джеруто 1500 метр қашықтықта қола жүлде алған. Ал Қазақстан құрамасының тағы бір алтын медалін Алина Чистякова бессайыста жеңіп алған болатын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: