Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бүгін Олимпиадада қазақстандық спортшылар жарысқа шығады

07.02.2026, 14:43 41

Бүгін, 7 ақпанда қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасының шаңғышылары мен конькишілері алғашқы жарыстарын өткізеді. Күн бағдарламасында әйелдер арасындағы шаңғы жарысы мен конькимен жүгіруден медальдар сарапқа салынады.

Сағат 17:00-де шаңғымен 10 шақырым классикалық әдіспен және 10 шақырым скиатлон форматындағы жарыста әйелдер арасында жүлделер ойнатылады. Бұл сында Қазақстан атынан Надежда Степашкина мен Ксения Шалыгина өнер көрсетеді. Аталған қашықтықта қазақстандық спортшылар үшін алғашқы ондыққа енуінің өзі айтарлықтай нәтиже болмақ. Себебі соңғы сегіз жылда ел шаңғышылары бұл қашықтық бойынша әлем чемпионаттарында немесе әлем кубогы кезеңдерінде үздік ондыққа кіре алған жоқ.

Ал сағат 20:00-де конькимен жүгіруден әйелдер арасында 3000 метр қашықтықтағы жарыс өтеді. Қазақстан намысын бұл сында Надежда Морозова мен Елизабета Голубева қорғайды. Морозова осы қашықтықта әлемнің үздік он конькишісінің қатарына кіреді. Ал 3000 метр қашықтық Голубева үшін негізгі емес, оның негізгі нәтижелері 1000 және 1500 метрде жақсырақ.

Бұл жарыста басты фавориттер қатарында нидерландтық, былтырғы әлем чемпионы Йой Бене және норвегиялық Рагне Виклунн аталады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: