Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

42500 теңге тағы беріле ме?

26.06.2020, 10:55 776

HALYQLINE.KZ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Қазақстанда енді 42 500 теңге берілмейтінін мәлімдеді. 

«Енді 42 500 теңге берілмейді, ондай төлем жасауды жоспарлап отырған жоқпыз. Олар үшін бюджеттен арнайы қаражат қарастырылмайды, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының қаражаты жұмсалды», деді Біржан Нұрымбетов.

Ведомство басшысының айтуынша, Ұлттық банктің көмегінсіз бұл жағдайдан шығу мүмкін болмаған.

«Банк қаржы құралдарын қолдана отырып, қажет қаржыны берді. Нәтижесінде Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры 332 миллиард теңге активін жұмсап, 4,6 миллион адамға төлем аударды. Бүгінде Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының мүмкіндігі шектеулі», – деді Нұрымбетов.

Еске салайық, Қазақстанда коронавирустың таралуына байланысты енгізілген Төтенше жағдай режимі аясында табысынан айырылған қазақстандықтар екі ай бойы 42 500 теңгеден алған болатын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: