Арал ауданының әкімі Аманжол Оңғарбаев кезекті жұмыс сапарымен ауданға қарасты Сексеуіл кентіне барды.
Бұл туралы Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Іссапар барысында Арал ауданының прокуроры Дарын Әбіш, аудандық мәслихаттың төрағасы Базарбай Төрахметовпен бірге кенттегі бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысып, ұжым қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Алдымен «Сексеуіл локомотив пайдалану» депосына барып, мекеме ұжымымен кездесті.
Басқосуда аудан әкімі соңғы жылдары қолға алынған саяси реформалардың нәтижелері мен мемлекеттің саяси жүйесін заман талабына сай бейімдеудің маңыздылығына тоқталып, Мемлекет басшысының Жолдауында жүктелген міндеттер мен Ұлттық құрылтайда қабылданған саяси шешімдердің мән-маңызына назар аударды.
Теміржолшылар саяси реформалар төңірегінде өз пікірлерін ортаға салып, жаңашыл бастамаларды әркез қолдайтындықтарын жеткізді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!