Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тәжікстанда футболдан ел чемпионаты басталды

07.04.2020, 9:32 485

HALYQLINE.KZ –| Тәжікстан билігі «елде COVID-19 вирусы тіркелмеді, сол себепті спорт жарыстары мен басқа да жиындарды өткізбеуге негіз жоқ» деп отыр.

Дегенмен, ел чемпионатындағы ойындар бос стадиондарда өтеді. Тәжікстан денсаулық сақтау министрлігі осындай кеңес берген.

Чемпионаттың алғашқы турында жоғары лигаға жаңадан қосылған «Локомотив-Памир» мен «Файзканд» 2:2 есебімен тең түсті. «Хатлон» өз алаңында 2:1 есебімен «Истаравшан» командасын жеңді. «Куктош» мен «Регар-ТадАЗ» кездесуінде есеп ашылған жоқ.

Алғашқы турдағы тағы екі ойын сәрсенбі, 8 сәуірде өтеді. «»Худжанд» сырт алаңда ЦСКА-мен кездеседі, ал «Душанбе-83» командасы Вахдатқа «Истиклолмен» ойнайды.

Тәжікстан чемпионатына он клуб қатысады.

centralasian.org

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: