Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мұхтархан Ділдәбеков басшылық қызметке тағайындалды

12.01.2021, 16:30 506

HALYQLINE.KZ Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, боксшы Мұхтархан Ділдәбеков «Шымкент қаласының №1 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің» директоры болып тағайындалды.

Спорт мектебі 1997 жылы ашылған. Мектепте спорттың 8 түрі жұмыс істейді: каратэ, таеквондо, кикбокс, бокс, дзюдо, еркін күрес, әйелдер күресі және грек-рим күресі.

Айта кетейік, Мұхтархан Қобланбекұлы Ділдәбеков – бокстан Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (2000 жылы), әлем чемпионатының күміс жүлдегері (1999 жылы), Азия ойындарының чемпионы және 2 дүркін жүлдегері (1998, 2002 және 2006 жылдары). ОҚО, Мақтарал ауданының Құрметті азаматы. «Парасат» орденінің иегері.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: