Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Еурокубоктарда 5 ойыншы алмастыруға рұқсат етіледі

18.06.2020, 11:25 432

HALYQLINE.KZ УЕФА Атқару комитеті Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының матчтарында бес ойыншы алмастыруға уақытша рұқсат жариялады

«2019-2020 жылдардағы қалған барлық матчтарда командалар ойын ережелеріне уақытша өзгертулер бойынша бес ауыстыруды жасай алады. 2020/2021 маусымда ауыстырудың максималды саны тағы үшке тең болады», – деді УЕФА баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, бұған дейін УЕФА президенті Александр Чеферин Чемпиондар лигасының биылғы маусымының қалай жалғасатынын жариялаған болатын. Еурокубоктың негізгі кезеңдері 12-23 тамыз аралығында Лиссабонда Сегіздік финалы форматында өтеді. Жеңімпаз бір матч қорытындысы бойынша анықталады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: