«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 419.54 (0)

  • EUR: 509.2 (0)

  • RUB: 5.72 (0)

Бүгін – GGG-дің туған күні

08.04.2020, 15:53 192 0

HALYQLINE.KZ –| Бүгін кәсіпқой бокстан IBF тұжырымдамасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақ елінің жарық жұлдызы Геннадий Головкин 38-ге толып отыр.

Геннадий Головкин 1982 жылы 8 сәуір күні Қарағанды қаласында туған. Афина Олимпиадасының күміс жүлдегері. 2003 жылғы әлем чемпионы (Бангкок). 2000 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы (Будапешт). 2004 жылғы Азия чемпионы (Филиппин). 2002 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы (Бусан).

Кәсіпқой бокстағы ең алғашқы жекпе-жегін 2006 жылы 6 мамырда өткізген. Содан бері шаршы алаңға 42 рет шығып, 40 мәрте жеңіске жеткен. Бір жекпе-жегі тең аяқталып, бір кездесуі жеңіліс дәмін татты.

«Әкем – орыс, шешем – кәріс, ал мен – қазақпын» деген саңлағымызды туған күнімен құттықтап, зор денсаулық, толағай табыс тілейміз. Жеңістен жеңіске жетіп, еліміздің атын шығара бер демекпіз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: