«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 423.87 (1.47)

  • EUR: 505.25 (2.47)

  • RUB: 5.59 (0)

Енді сәбилердің «кіндік әкесі» Ким болады

02.10.2020, 17:25 366 0

HALYQLINE.KZ

Былтыр Қызылорда облысындағы «Ана мен бала» орталығының жөндеу жұмыстары баяу жүріп, сол кездегі аймақ басшысы Қ.Ысқақовтан тиісті мамандар сын ескертпе алғаны бар. Одан қалды, бала шетінеуі, ана мен балаға дұрыс көңіл бөлінбейтіні, т.б. мәселелер әлеуметтік желіде жиі көтеріліп келді. Енді міне, сол облыстық перинаталдық орталығына жаңадан бас дәрігер келіпті. Кім дейсіз ғой? Олег Ким. Бұл туралы ақпаратты басқарманың баспасөз қызметі таратты.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұйрығымен аталған орталықтың бас дәрігері қызметіне тағайындалған Олег Вячеславович – 48 жаста. Қызылорданың тумасы 1995 жылы Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 28.08.1995 ж-08.04.2002 ж

№2 қалалық емхананың акушер-гинеколог дәрігері болып бастаған. 09.04.2002-05.04.2004 жылдар аралығында Біріккен қалалық перзентханада акушер-гинеколог дәрігер, 05.04.2004-03.11.2006 жылдар аралығында Қызылорда қалалық перзентханасының «физиология» бөлімшесінің меңгерушісі, 03.11.2006ж-15.03.2016 ж.-19.03.2019 жылдары «Әйелдер консультациясы бар Қызылорда қалалық перинаталдық орталығы» ШЖҚ МКК(қазіргі «облыстық перинаталдық орталық» ШЖҚ КМК) бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары» болған. Ал 11.04.2019 жылдан осы күнге дейін «ALEXEY SULTAN-AKHMET» ЖШС директоры қызметін абыроймен, жоғары деңгейде атқарып келіпті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: