«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 425.59 (-2.48)

  • EUR: 505.43 (-2.18)

  • RUB: 5.61 (-0.01)

Үш түрлі мамандығы бар әділет аға лейтенанты

18.11.2020, 18:45 105 0

HALYQLINE.KZ  Темірдей қатаң тәртіпті талап ететін 3К-169/1 тергеу мекемесінде тегеурінді жұмыс атқарып келе жатқан қызметкердің бірі – әділет аға лейтенанты Айзат Мырзалы. Көбіне ер-азаматтар жұмыс істейтін салаға ол, заман ағымы, тағдыр жолы бұйыртып келді. Алғашқы мамандығы бойынша, еңбек жолын Тұрғын үй коммуналдық мемлекеттік мекемесінде хатшы-референт болып бастады. Мекеменің іс-қаздарының толтырылуы, жинақталуы, сақталуын ұқыпты орындап, бір жыл ішінде құжаттама тілін жетік меңгеріп алды. 2006 жылы жұмыс орнын ауыстырып, ҚАЖ департаменті басқармасына іс-жүргізуші болып орналасты. Талабы мен тәртібі басқа құқық қорғау саласына келген соң, жұмыс істей жүріп, «Болашақ» университетіне сытрттай оқуға тапсырды. 2009 жылы осы оқу орнынын құқық қорғау мамандығын бойынша бітіріп шықты. Осылайша тағдырын құқық саласымен байланыстырған соң, екінші мамандығының негізінде, 2007 жылы ЗК-169/1 мекемесіне Арнайы есепке алу бөлімінің есеп технигі болып қабылданды. Бұл бөлімдегі негізгі қызметі – мекеме қамауына келіп түскен, арнайы контигенттердің құжаттарын рәсімдеу, этапқа жолдау, арнайы орындарға хабарлама жіберу т.б.құжат түрлерімен жұмыс істеу.

– Құжаттарды уақтылы, дер кезінде сауатты толтырып, жүйелі тіркеп отыру барысында қыйындық тудырған жағдайлар да болды. Сондай сәттерде жас маман ретінде бекітілген тәлімгерім, әділет капитаны Баймұрзаева Сәуле Сисенқызының көмегі көп болды. Бөлім бастығы әрі тәжірибиелі маман ретінде қатаң талап қоя отырып, біраз нәрсені үйретті. ҚАЖ саласы жұмысының қиындықтарын жеңіп, маман болып қалыптасуыма көп ықпалын тигізді, – дейді Айзат.

Бұл бөлімде табанды он жыл жұмыс істеген соң, мекеме басшылығы оған Арнайы контигенттер арасында тәрбие жұмысын жүргізу бөлімінің инспекторы міндетін жүктеді. Арнайы контигентпен тікелей жұмыс барысында, қылмыскерлермен байланыста эмоционалдық тұрғыдан мықты болу керек екенін ұқты. Оның үстіне пенделікпен жаза басып, қылмыс жасағандардың қапасқа қамалғаннан кейін күйзеліске түсіп, өз қателіктеріне өкінетіндігін көріп, ішкі күйзеліс пен жан жарасын түсінуге тырысты. Бостандықтың қадірін біліп, туыс-жақындарын сағынып, сағы сынып жүргендерге мүмкіндігінше жігер берді. «Жаза басып жаңылып, темір торға телміріп, күні өтіп жатқан жазаланушыларға үміт сәулесін сыйласам ба?» деген мақсатпен психолог мамандығы бойынша білім алуды ұйғарды. Нәтижиесінде, 2019 жылы «Болашақ» университетінің педагогика-психология факультетін сырттай оқып бітіріп, үшінші психолог мамандығын алды.

Темір тордың ар жағына түскен азаматты қайта тәрбиелеп, түзу жолға бағыттап, қоғамға жаңа көзқарасты азамат ретінде қайтару қиын-ақ. Дегенмен, психолог Айзат оларға қылмыскер емес, психологиялық моральдік көмекті қажет ететін қоғамның бір мүшесі ретінде қарайды. Жаңадан түскен контигенттің ішкі тәртіпке бейімделуі, жан дүниесіндегі мазасыздықтарды болдырмау, қапастағы алғашқы күндерінде күйзеліске түсіп кетпеуіне, өз қолымен жасаған күнәсін түсініп, жаза мерзімін өтеу барысында, алдағы бостандыққа шығар күнге деген мол сенімді ұялату мақсатында көптеген жұмыстар атқарып келеді. Ол үшін алдымен, әр жазаланушыны зерттеп, зерделеп, қандай көмек қажет керек екенін білу мақсатында әртүрлі бағытта тестер алып, тренинг, семинар, босаңсу, әдістері арқылы жұмыс істейді. Яғни, бұлар – психодиогностикалық, психокорекциялық, психопрофилактикалық жұмыстар.

Сонымен қатар, өмірінің біраз бөлігін жабық мекемеде өткізіп, қоғамнан оқшауланып қалған сотталғандарды бостандыққа шығуға дайындау да, негізгі міндеттеріне жатады. Осы мақсатта сотталғанның жазасын өтеп шыққаннан кейінгі жаңа жағдайларға, яғни қоғамға бейімделуіне бағытталған жұмыстарды ұйымдастырады. Мекеме қамауынан босап шыққалы тұрған Д. және С. есімді сотталғанмен «Өзіңді сүйе біл» деген тақырыпта тренинг өтті. Тренингтің мақсаты – сотталғандардың өзіндік мен дәрежесін анықтап, өзіндік пікірін, көзқарастарын қуаттай білуге өзгертіп, оң бағытқа дағдыландыру. Яғни, оларды бостандыққа шыққаннан кейінгі жеке қарым-қатынасты қалай құруға, өзін қорғауға, өз қабілетіне сенімді болуға үйрету. Тренингте «мен кіммін?» деген сұраққа «Мен – әкемін», «Мен – электрикпін», «Мен – қоғамға керек азаматпын» деп жауап берді. Осылайша, өз-өздерін жігерлендіріп, жаңа өмірге деген сенімді қалыптастырады. Дәрігерлер дене иммунитетін көтеруге сеп болса, біздің психолог маман оқшауланып қалған азаматтардың бостандыққа шығар алдындағы рухани иммунитеттерін осындай тренигтер өткізу арқылы қалыптастырып келеді.

Мекемедегі 14 жыл қызметі барысында еңбегі еленіп, қызметтік міндеттерін адал орындағаны және қылмыстық-атқару жүйесін нығайтуға қосқан үлесі үшін бірнеше мадақтамалар мен алғыс хаттармен марапатталған. Ұжымда да, адамгершілік қасиеттерін танытып, үленге – ізет, кішіге – құрмет көрсетіп жүрген әділет аға лейтенанты Айзат Мырзалы Мұхамбетиярқызының алда әлі талай жетістікке жететініне сенімдіміз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: