Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сыбайлас жемқорлықтың алдын қалай аламыз?

06.10.2020, 14:20 613

HALYQLINE.KZ  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жанындағы «Аntikor ortalygy» сервистік орталығында қызметкерлер арасындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және осы сипаттағы заң бұзушылықтардың алдын алу тақырыбында жиын өтті. Аталмыш шараға «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңес төрағасы М.Ы.Нәлібаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Қызылорда облысы бойынша департаменті превенция басқармасының басшысы Ғ.У.Әлімқұлова, ҚАЖ департаменті ЗК-169/5 мекемесі бастығының орынбасары әділет майоры Ж.Есмаханов және жеке құрам қатысты.

Жиын барысында сыбайлас жемқорлық сипатындағы заң бұзушылықтардың алдын алу, жол кесу бағытында атқарылған іс-шаралар сөз болып, қатысушы тараптардың баяндамалары тыңдалды. Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттер мен тапсырмалар талқыланып, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясындағы атқарылу қажет шаралар жайы сөз болды.

Сонымен қатар, қызметкерлерге ой саларлық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен әзірленген бейнероликтер көрсетілді.

ЗК-169/5 мекемесінің Кадр саясаты тобы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: