«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 425.05 (0)

  • EUR: 509.29 (0)

  • RUB: 5.58 (0)

Шектен шыққан шенеуніктер

04.06.2020, 11:10 468 0

САЛЫҚШЫЛАР   НЕГЕ 

«САЛАҚТЫҚ»   ТАНЫТТЫ?

Осыған дейін облыстық Әдеп жөніндегі кеңесте­ талай шенеуніктің тәртібі таразыға тартылы­п, біразы жіберген кемшілігіне қарай жазасын алды. Бірақ, осы кеңестің негізгі мақсаты – ақжағалыларды бас салып жазалау емес. Қажет болса, сол мемлекеттік қызметкердің құқығын қорғайды. Мәселен, Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде артық жұмыс істеу фактілері тіркелген. Бұл деректер Қызылорда қалалық және Жаңа­қор­ған аудандық мемлекеттік кірістер басқармаларында анықталып отыр. Ол аз десеңіз, еңбек демалысында жүрген адамға негізсіз тәртіптік жаза көрілген. Ал қалалық мемлекеттік  кірістер  басқармасында  бос  мемлекеттік әкімшілік лауазымға конкурс өткізуде кем­ші­ліктер  жіберілген. Біздің елде ең маңызды екі сала болса, соның бірі – мемлекеттік кірістер. Салықшылар­ жауапты қызметте жүріп, «салақтық»­  таныт­қаны  қалай?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесін­ің төрағасы Нұрман Талқанбаев мемлекеттік кірістер департаментінің табалдырығын аттаудың өзі мұңға айналғанын айтып қалды. Оның сөзінше, биылғы жылдың ақпан айында Президент әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тапсырмасымен өңірде артық жұмыс істеу фактілерін жою үшін мониторингтік топтар құрылған. Алайда сол мониторингтік топтың мүшелерін мемлекеттік кірістер департаменті есігінен аттатпаған көрінеді. Кеңес­ алдында есеп берген Қызылорда облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басшы­сы Ғалымжан Орынов кеткен кемшіліктерді қалыпқа  келтіреміз  деп  уәде  етті.

ЫСМАҒҰЛОВ   НЕГЕ   ЫҒЫСТЫ?

Кеңесте Шиелі ауданы әкімінің орынбасары, әдеп жөніндегі кеңестің уәкілі онлайн байланысқа шықты. Жалпы, Шиеліде кей жауаптылар жұмысына жауапкершілік танытпай тұр. Айталық, ел үкіметі COVID-19 індетімен күресудің жолын іздеп жатса, Қарғалы ауылының тұрғыны елді мекенде дүркіретіп той өткізген. Бұның соңы кісі өлімімен аяқталған. Ал ауыл әкімі болса, карантиндік режимді қамтамасыз ете алмаған екен. Сонымен қатар ауданға қарасты­ тағы бір ауылдың әкімі карантин кезінд­е той өткізуге рұқсат берген. Тіпті, елдегі қалыптасқан күрделі ахулаға қарамастан, өзі де сол думан-дүрмектің ортасында болыпты. Ортақ­шыл  ауылының  әкімі де оңып тұрған жоқ. Шиелі  ауданындағы  әдеп  жөніндегі  уәкіл Тұрмағанбет Жағыпбаровтың сөзінше, осы тақыле­ттес сын-пікірдің астында қалған Ортақшыл­ ауылының әкіміне «қатаң сөгіс» түріндегі  тәртіптік  жаза  қолданылған.

Карантин кезінде бұрынғы Шиелі ауданы  әкімінің  орынбасары Болатбек Ысмағұлов әлеуме­ттік желінің «жұлдызына» айналды. Ол төңкерістік тұрғындармен кездесуде «жиіркеніп тұрмын» деп елдің ашуын тудырғаны бар. Бұл бейне жазба әлеуметтік желіде кеңінен таралып, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қызыл­орда  облысы  бойынша  департаментінің Әдеп жөніндегі кеңесінің назарына алынады. Бұдан әрі ресми орган өз құзыреті шеңберінде аудан әкімінің орынбасарына қатысты қызметтік­ тергеп­-тексеру  жұмыстарын  жүргізген.

– Тексеру барысында бейнесюжеттен Б.Ысмағұл­ов Шиелі ауданы, Төңкеріс ауылының тұрғындарымен кездесу барысында «жиіркеніп тұрмын», «барлығынан жиіркеніп тұрмын» деген сөздер айтылғаны анықталып отыр. Осыған сәйкес 13 мамыр 2020 жылғы хатпен Шиелі ауданы әкімінің  атына  Б.Ысмағұловтан  түсі­ніктеме алып, Хатшылыққа ұсыну сұратылған  болатын.  Алайда  Шиелі ауданы әкімі  аппаратының  2020 жылғы 14 мамырдағы №10/1-3/685 хатына сәйкес Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Б.Ысмағұлов Шиелі ауданы әкімінің 2020 жылғы 13 мамырдағы №72-ө өкімімен өз өтінішіне сәйкес атқарып отырған қызметінен босатылғандығы хабарланды, – дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы  бойынша  департаментінің бас  маманы  Сәкен  Жұмаев.

Сондықтан Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері шиелілік экс-шенеунікке қатысты тәртіптік істі тоқтатты.

Жалпы, ауданда жыл басынан бері 10 мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жаза көрілген. Атап айтқанда, 6 қызметкерге «ескерту», 2 қызметкерге «сөгіс», 2 қызметкерге «қатаң сөгіс» қолданылған.

Сонымен қатар кеңесте Жаңақорған ауданы­ әкімі аппаратының басшысы А.Абдуллаевтың тәртіптік ісі қаралды. Қарасай-Қараш Жора­бекұлының фейсбук әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында «Қызылорда облысы әкімі Г.Әбдіқалықова ханымға» атты жазбасы (бұдан әрі – Жазба) жарияланғандығы анықталды. Жазба мұзмұнында Жаңақорған ауданы әкімі аппаратының басшысы А.Абдуллаев қызметтік автокөлікпен  Жаңақорған  кентінде орналас­қан­ «Таң» мейрамханасына және «Береке» сауда­ үйіне барғаны, сонымен қатар А.Иманов көшесінде үш жеңіл көліктің соқтығысуына себеп­кер болып, бюджет қаражатынан көлікті жөндеткені туралы айтылған. Жүргізілген қызмет­тік тергеп-тексеру нәтижесімен болған іс-әрекеттердің жасалған уақытына 6 айдан аса уақыт өтіп кеткендігі және А.Абдуллаев­ тарапына­н Әдеп кодексінің нормалары бұзылғанды­ғы өз дәлелін таппаған. Осылайша кеңес мүшелері  жаңақорғандық  шенеунікке  қатысты  қозғалған  тәртіптік  істі  тоқтатты.

Қозы  Көрпеш   ЖАСАРАҰЛЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: