Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сексеуілді заңсыз кескендер ұсталды

28.09.2020, 17:30 398

HALYQLINE.KZ  27 қыркүйекте Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының және Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының Табиғат қорғау полиция тобының қызметкерлерімен рейд жүргізу барысында қала шетінде облыс орталығының тұрғыны басқаруындағы «Газель» маркалы автокөлігі тоқтатылып, тексеру барысында автокөліктің жүк салғышынан 2 куб көлемінде заңсыз кесілген сексеуіл бұталары анықталды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 340-бабының 1-бөлігі бойынша (ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Осыған сәйкес, Қызылорда облысының Полиция департаменті аң, балық аулау және ағаштар мен бұталарды кесу талаптарын бұзу, қоршаған ортаға елеулі зиян келтіру әрекеттері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартуға әкеліп соқтыратынын ескертеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: