Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

ҚАЖ қызметкерлері Елбасы туралы көрмені тамашалады

01.12.2020, 11:00 447

HALYQLINE.KZ Қызылорда қаласындағы Тергеу изоляторының қызметкерлері қалалық А.С.Пушкин атындағы кітапханада «Елін сүйген Елбасы» тақырыбындағы кітап көрмесін тамашалады.

Кітапхана қызметкері Данагүл Қазыханқызы Тұңғыш Президенттің отбасы, жастық шағы, тәуелсіздік жылдарындағы ерен еңбегі туралы айтып өтті. «Еліміздің тыныштығы мен ұлтаралық татулық және Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктеріміз Тұңғыш Президентімізбен байланысты» деді.

Шараның мақсаты – қызметкерлерді патриоттық рухта тәрбиелеу, Елбасы Н.Назарбаевтың еңбектерін насихаттау, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы рөлін көрсету.

«Кітапхана қызметкері кемеңгер тұлға Елбасының жастық шағы мен басшылыққа дейін жүріп өткен жолдары, еңбектері туралы жан-жақты мағұлмат берді. Бүгінде Елбасының көреген салиқалы саясатының арқасында Қазақстан барлық қиындықтардан аман-есен шығып, дүниежүзі таныған абыройлы елге айналды. Тұңғыш Президенттің өмірбаяны туралы көптеген қызықты мәліметтерді білдік», – деді тағылымдамашы Ақберген Қожақ.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: