«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 427.91 (0.00)

  • EUR: 506.9 (0.00)

  • RUB: 5.6 (0.00)

Қала әкімі қарттар күнімен құттықтады

01.10.2020, 12:15 120 0

Қадірлі қазыналы қариялар!

Ардақты ардагерлер, ақ жаулықты аналар!

Елді бірлік пен адал еңбекке жетелеп, жас ұрпаққа батасымен жол ашқан, жақсыға тілектес, ақылы дария қариялар баршаңызды Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Біз әуелден «Қариясы бар ел — қазынасы бар ел» — деп, ақсақалын ардақ тұтып, қарияларын қадірлеп, даналық дәрістерін көңілге тоқып, ұрпақтар сабақтастығының ұлы көшін жарасыммен жалғап келеміз. Тату тірлігіміз бен ұлттық ұлағатымыздың тұмарындай болған қарттарымызды болашаққа алған бағытымызға бағдар етіп, өмірлік бай тәжірибесін елдің еңсесін тіктеп, өңірді өркендетуде жұмсаудамыз. Өмір көрген ардақтыларымыздың ақылын алып, кемел келешекке батыл қадам жасап, тәлім-тағылымдарын өнегеге айналдырдық. Өнеге жақсы болса, өріс кеңейеді деген.

Өңіріміздің өрістеп, көшіміздің өрге басып, өркен жаюы жолындағы әрқайсыларыңыздың ерен еңбектеріңіз ел жадында. Бүгінгі жарқын жетістіктеріміз сіздердің тыным таппай, тыныс алмай атқарған жұмыстарыңыздың жемісі. Сіздердің ел болашағы үшін атқарған бар игі істеріңізге алғыс білдіреміз.

Бізге тағылымды үлгі көрсеткен аға буын небір сын сағатта халқына сүйеу, жұртына қамқор болып, ел алдындағы қызметімізде де қиыннан жол табуға көмектесіп, ақыл-кеңестерін аяған емес.

Ақыл-кеңестің, үлгі-өнегенің сарқылмас кенішіндей болған қазыналы қариялар күш-қуаттарыңыз сарқылмасын, ел дамуы жолындағы берекелі бейнеттің зейнетін көріп, ұзақ жасаңыздар!

Дендеріңізге саулық, әулеттеріңізге амандық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ-береке тілеймін!

Мерекелеріңіз құтты болсын қазыналы қариялар!

Ізгі ниетпен,

Қызылорда қаласының әкімі

Н.Нәлібаев

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: