Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

2006 жылғы банкноттарды айырбастау тоқтатылады

28.12.2020, 16:00 352

HALYQLINE.KZ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі халықтан келген көптеген өтініштерді ескере отырып, 2006 жылғы 2000, 5000 және 10 000 теңгелік банкноттарды айырбастау мерзімін 2021 жылдың 1 ақпанына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Қызылорда облысы бойынша «Ұлттық банк» филалының қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімінің басшысы Светлана Ибраева баяндады.

– 2006 жылғы үлгідегі номиналдарға тән банкноттарды айырбастау кезеңі 2016 жылдың қазанынан 2020 жылдың 5 қазанына дейін – 4 жыл бойы ұзартылып келді. Қазіргі таңда, Банкноттар жеке тұлғалар үшін тек Ұлттық Банктің филиалдарында ғана айырбасталады. Олардың мекен-жайы мен байланыс телефоны туралы ақпарат Ұлттық Банктің сайтында орналасқан. 2021 жылдың 1 ақпанынан кейін банкноттарды айырбастау тоқтатылады, – деді Светлана Еділқызы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: