«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 425.59 (-2.48)

  • EUR: 505.43 (-2.18)

  • RUB: 5.61 (-0.01)

Қазақ ғалымдары коронавирусқа қарсы вакцина жасап шығармақ

25.04.2020, 15:04 238 0

HALYQLINE.KZ –|  Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ғалымдары коронавирусқа қарсы вакцина жасау ісін қолға алды. Бұл туралы аталған университеттің профессоры Қайсар Табынов айтты.

– Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, 20 сәуірде 76 вакцина ұсынылған. Олардың ішінде тек бесеуі ғана клиникалық сынақтың 1-2 фазасы сатысында тұр. 71 вакцина қосымша сынақтан өткізіліп жатыр. Ал Қазақстанда екі институт 4 вакцина ұсынған. Екеуі – рекомбинантты ақуыз, сонымен қатар альфа-вирус негізді 2 векторлы вакцина. Қазақ ұлттық аграрлық университеті де өз бағдарламасын ұсынып отыр. Қазіргі уақытта мүдделі барлық адамдарда бір платформаға топтастырып, нақты бағдарлама ұсынатын боламыз. Бірнеше вакцина ұсынғымыз келеді. Оның бірі – интраназальды қолдануға арналған нано-вакцина. Қазірдің өзінде вакцина әзірлегенімізбен оны өндіретін және халықтың 70 пайызын қамтамасыз ететін биофармацевтикалық зауытымыз жоқ. Жалпы, вакцина ең алдымен тәуекел тобына кіретін адамдар санатына арналатын болады. Жоғарыда атаған клиникалық сынақ сатысындағы 5 кандидатты вакцина Қытайда жасалып жатыр. Себебі Қытай індетпен ең бірінші бетпе-бет келді және олар вакцина әзірлеуді барлық елдерден бұрын бастады. Меніңше, ең тиімдісі – инактивтелген вакцина. Мұның барлығы Қытайда жасалып жатыр, – деді ол Facebook-те Young researchers alliance парақшасында «COVID-19: Аңыз әлде ақиқат» тақырындағы тікелей эфир барысында.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта алдағы үш жылдың ішінде кандидатты вакцина алу жоспарланып отыр. Ал үшінші жылына клиникалық сынақтар өткізіліп, содан кейін вакцина әзірлеуге қаржы іздеу жұмыстары қолға алынады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: