Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сыр елінен 700 азамат әскерге аттанды

29.07.2020, 15:00 377

HALYQLINE.KZ Сыр елінен Отан алдындағы міндетін орындауға 700 азамат аттанды. Олар әскери борышын ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінде, ҚР Мемлекеттік күзет қызметінде, ҚР Ұлттық ұлан қызметінде, ҚР Қарулы күштері қатарында өтейтін болады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Қызылорда облысы бойынша қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Қанат Омаров мәлімдеді.

«Азаматтарды жөнелту жұмыстары барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып жүргізіледі. Аудандық, қалалық шақыру пункттерінде және облыстық жиын пунктінде санитарлық посттар қойылды. Санитарлық пост арнайы медициналық маманмен қамтамасыз етілген. Шақыру пунктеріне келген әрбір әскерге шақырылушыларды санитарлық нормаға сәйкес тексеріп, аудандық қалалық және облыстық медициналық комиссиядан өтуге жіберіледі», – деді Қанат Жаңабайұлы.

Бұған дейін әскерге шақырудың көктемгі кезеңінде 800-ден аса қызылордалық аттанған болатын. Әскери бөлімдерге елімізді қорғауға қабілетті, денсаулығы мықты, дене бітімі шыныққан, сауаты жеткілікті, моральдік-іскерлік қабілеті жоғары азаматтар жөнелтіледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: