«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 423.87 (0)

  • EUR: 505.25 (0)

  • RUB: 5.59 (0)

Адам денесіндегі ғажайыптар

31.10.2020, 16:00 106 0

HALYQLINE.KZ

• Ересек адамның денесі октиллион атомнан тұрады.

• Денеміздегі қан тамырлардың қосындысы 96 мың шақырымды құрайды. Бұл ұзындық жерді үш рет айналуға жетеді.

• Адамның миы минутына 1000 сөз оқи алады.

• Адамның миы компьютер болғанында секундына 38 катриллион операция жасай алар еді. Күніміздегі ең озық компьютер мұның 1 пайызын да орындай алмайды.

• Қол немесе аяқтың тырнағы түбінен бастап толығымен өсу үшін жарты жыл уақыт өтеді.

• Адам өмір бойы орталама 18 кг тері төгеді.

• Алынған оттегі мен калорияның 20 пайызын адамның миы тұтынады.

• Әрбір бүйректегі миллиондаған фильтр әр минутта 1,3 литр қан тазалайды.

• Әр адамның өзіне тән иісі болады. (Тек егіздер ғана бірдей иісті болуы мүмкін).

• Әр адамның денесінде жарты миллион тер безі болады және бұлар күніне жарты литр тер бөліп шығарады.

• Адамның бойы таңертеңгісін оянғанда түнде жатар кездегімен салыстырғанда шамамен 1 см ұзын болады. Мұның себебі омыртқа арасының түнде босаңсып, түрегеп жүргенде жиырылуында.

• Адамның ДНК-сының жартысы бананның ДНК-сына ұқсас келеді.

• Адам денесі әр секундта 25 миллион жаңа жасуша өндіреді.

• Адам өмір бойы 25 мың литр түкірік бөледі.

• Ащы ішектің ұзындығы адамның бойынан төрт есе ұзын.

• Адам ағзасындағы ең қатты зат – тіс эмалі.

• Денеміздің әр сантиметр квадратында 32 миллионға жуық бактерия өмір сүреді.

• Қан жасушалары (екі жағы ойық) дисктер формасында болады.

• Мұрнымыз 50 мың түрлі иісті ажырата алады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: