«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 427.91 (-0.77)

  • EUR: 506.9 (-0.31)

  • RUB: 5.6 (+0.03)

Қызылордалық ғалым қауыннан чипсы дайындауда

15.10.2020, 11:30 176 0

HALYQLINE.KZ  Қызылордалық кәсіпкер қауыннан чипсы жасап шығаруда. Ерекше бастаманы ауыл шаруашылық ғылымының кандидаты, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ғалымы Самалбек Қосанов қолға алған. Өз кәсібін ашқан ғалым жаңа өнімді кептірілген бақша дақылынан дайындайды.

Тәжірибе жүзінде чипсиды екі түрлі формада көпшілікке ұсынуда. Қауын чипсиларын дайындау үш кезеңнен тұрады. Алдымен піскен қауын мұқият тазаланып, жұқа тілімдерге кесіліп, үшінші кезеңінде дайын бөліктері 12 сағаттан аса уақыт кептіріледі. Бастысы — өнім экологиялық тұрғыдан таза. Кәсіпкердің айтуынша, ерекше дәмнен ауыз тиген жандар бұл өнімнің тұрақты тұтынушысына айналады. Бұған дейін де бақша дақылдарына түрлі тәжірибе жасап жүрген ғалым нарықта кездеспейтін өнім шығару мен әртүрлі сорттарын егуді де қатар алып келеді. Ауыл шаруашылық саласымен кәсібін сабақтастырған кәсіпкер енді өз кәсібінің көкжиегін кеңейтуге басымдық беріп отыр.

«Бизнестің жол картасы 2020-2025» мемлекеттік бағдарламасына құжат тапсырып, бастамасы қолдау тауып, 2 млн 500 000 теңге қайтарымсыз қаражатқа да ие болып үлгерген.

Айта кетейік, қала әкімдігі «Нәтижелі жұмыспен қамту», «Еңбек» , «Қарапайым заттар экономикасы», «Бизнестің жол картасы 2020-2025» мемлекеттік бағдарламалары негізінде кәсіп бастауға ниетті азаматтарға ерекше қолдау білдіріп келеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: