Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Университет профессор-оқытушыларына арналған мерекелік кеш өтті

05.10.2023, 10:46 204

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде ұстаздар күні ерекше атап өтіліп, оқу орнының профессор-оқытушыларына «Ұстазым, бір өзіңе бас иемін!» атты салтанатты жиын ұйымдастырылды.

Мерекелік шарада университеттің Басқарма төрағасы-Ректоры Бейбіткүл Кәрімова профессор-оқытушылар құрамын кәсіби мерекемен құттықтап, осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстарға тоқталды.

  • Қадамы сәтті әрбір адамның артында өміріне жол сілтеуші Ұстазы тұр. Бүгінгі таңда ұстаз еңбегінің сапасы түлектің өмірдегі біліктілігімен, бәсекеге қабілеттілігімен, сұранысымен өлшенсе, олардың жетістіктері біздің кәсіби деңгейіміздің басты өлшемі болып табылады, – деді Бейбіткүл Сәрсемханқызы.

Жиын барысында университеттің бірқатар қызметкерлері марапат төрінен көрінді. Білікті кадр даярлауда еңбек етіп жүрген профессор-оқытушыларҚР Ғылым және Жоғары білім министрлігінің Алғыс хатымен, Қызылорда облыстық білім басқармасы, Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының облыстық комитетінің «Құрмет» грамотасымен, «Қорқыт Ата атындағы Алтын медалі», «Үздік түлек», «Үздік оқытушы» медалімен марапатталды.Сонымен қатар, оқытушыларға «AMANАT» партиясы қалалық филиалының атқарушы хатшысы Гүлшат Мұсаева«AMANAT» партиясының Алғыс хатын табыстады.

Салтанатты шараға зиялы қауым өкілдері, университет ардагерлері, профессор-оқытушылар және білім алушылар қатысты. Мерекелік кеш Педагогика және дәстүрлі өнер институты профессор-оқытушылары мен білім алушыларының мерекелік концертімен қорытындыланды.

Бүгінде Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде 481 профессор-оқытушы жұмыс істейді. Олардың қатарында  22 ғылым докторы, 38 PhD,  174 ғылым кандидаты, 40 «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлегі еңбек етеді. Соңғы екі оқу жылында 20 оқытушы Президенттің  «500 ғалым» жобасы аясында шетелдік жетекші ЖОО-да ғылыми тағылымдамадан өту құқығын жеңіп алды. Сонымен қатар, биыл оқу орнында білім алушылар саны 10 мыңнан асты.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің

Медиа орталығы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: